Жаңа құрылғылар туралы ақпаратты қосу

Желідегі жаңа құрылғылар туралы ақпаратты қосу үшін:

  1. Қоймалар қалтасындағы консоль шежіресінен Жабдық салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Жабдық қалтасының жұмыс аймағында, Құрылғыны қосу түймесі арқылы Жаңа құрылғы терезесін ашыңыз.

    Жаңа құрылғы терезесі ашылады.

  3. Жаңа құрылғы терезесінде, Түрі ашылмалы тізімінде қосқыңыз келетін құрылғы түрін таңдаңыз.
  4. OK түймесін басыңыз.

    Жалпы бөліміндегі құрылғы сипаттары терезесі ашылады.

  5. Жалпы бөлімінде құрылғы туралы деректерді енгізу өрістерін толтырыңыз. Жалпы бөлімінде келесі параметрлер қолжетімді:
    • Корпоративтік құрылғы. Егер сіз құрылғыға Корпоративтік белгісін бергіңіз келсе, жалаушаны қойыңыз. Осы белгі бойынша құрылғыларды Жабдық қалтасынан іздеуге болады.
    • Құрылғы шығынға жазылды. Егер сіз құрылғының Жабдық қалтасындағы құрылғылар тізімінде пайда болуын қаламасаңыз, жалаушаны қойыңыз.
  6. Қолдану түймесін басыңыз.

Жаңа құрылғы Жабдық қалтасының жұмыс аймағында көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Жабдықты түгендеу

Басына оралу